Юрий Пя "Қазақстан халқына" кеңесінің төрағасы қызметінен бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Пя "Қазақстан халқына" кеңесінің төрағасы қызметінен бас тартты Юрий Пя. Фото: heartcenter.kz

"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі төрағасы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі төрағасы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.

"Қордың Қамқоршылық кеңесі төрағасы Пя Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңестің жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты төрағаның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді.

Ол University Medical Center  корпоративтік қорын басқарады. Юрий Владимирович - Қазақстан Еңбек Ері, ең күрделі, жоғары технологиялық кардиохирургиялық операцияларға жетекшілік етіп, жүргізіп жүрген танымал кардиохирург. Бұл қызмет күн сайынғы тынымсыз еңбекті және жоғары талаптарға сай тәжірибені талап етеді. Юрий Владимирович көп уақытын білікті мамандарды даярлау мақсатына бағыттайды" - делінген хабарламада.

Қор мәліметінше, Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңес құрамында қала отырып, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда қолдау көрсетуді жалғастырады.

Қордың Қамқоршылық кеңесі төрағасы болып қоғам қайраткері, "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды.

Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы сайланды.

Еске салайық, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саладағы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерді шешу үшін "Қазақстан халқына" қорын құруды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети