10 наурыз 2021 | 19:08

Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің экс-депутаты Зағипа Балиева Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің экс-депутаты Зағипа Балиева Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балиева тағайындалғанын телефон арқылы әңгіме барысында растады.

"Бүгін Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда мені қызметке бекітті. Бүгіннен бастап жұмысқа кірістім. Маған стратегия, инфрақұрылымдық дамыту, құқықтық мәселелер, цифрландыру мәселелері тапсырылды. Менің ойымша, мұның бәрі таныс, мен ХҚКО-да да жұмыс істедім, бағдарламалармен де жұмыс істегенмін", - деді ол.

Жаңа лауазымда жұмыс істеу үшін Балиева Нұр-Сұлтаннан Алматыға көшті. Ол Алматы облысында анасы тұратынын атап өтті.

Зағипа Балиева университетте 8500-ге жуық студент білім алып жатқанын айтты.

"Студенттер өте көп екеніне қуаныштымын. Бұл жастар, бұл балалар, мен оларды өте жақсы көремін. Біз жұмыс істейміз. Университеттің көптеген зертханасы, зор ғылыми әлеуеті, керемет кафедралары, керемет ұжымы бар", - деді деді Балиева.

Еске салайық, Зағипа Балиева IV және VI шақырылымдарда Мәжіліс депутаты болған. Әр жылдары әділет министрі, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети