Зағиптарға тігін инесі сыйға тартылғаны жайлы ақпарат расталмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Астана қаласы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алмат Алтынбаева зағиптарға тігін инесі сыйға тартылғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске сала кетейік, бұған дейін мүмкіндігі шектеулі Игорь Варакута өзіне Жаңа жыл мерекесіне орай кіп-кішкентай тігін инелері тарту етілгенін хабарлаған еді. "Әрбір мүгедекке сауықтырудың жеке бағдарламасы рәсімделеді. Биыл 16 қаңтарда оған сүйеніш таяқ берілді. 2011 жылдан 2013 жылға дейін, үш жылдан бері бұл азамат санаторийлік-курорттық емдеуге жіберілді. Инелерге келсек, иә, зағиптар үшін ине ұстауға ыңғайлы құралдардың берілгені рас, бірақ олар біз қолданатын тігін инелері емес, көзі көрмейтіндерге арналған инелер. Бұл 2009 жылы болған жағдай, одан кейін мұндай құралдар сатып алынған емес", - дейді А.Алтынбаева. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, Игорь Варакутаға, ол айтқандай, "қытай сағаттары" емес, зағиптарға арналған Брайль сағаттары сыйға тартылған. Басқарманың мәліметінше, ҚР Үкіметінің 2005 жылдың 20 шілдесіндегі "Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, соның ішінде І, ІІ топтағы зағиптар да Астана қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің дәрігерлік-әлеуметтік сарапшылар комиссиясының реабилитолог маманы жасаған бағдарлама бойынша тифлотехника құралдарымен қамтамасыз етіледі. Игорь Варакута 2009 жылдың шілдесінде арнайы инелерден, ине сабақтайтын құралдардан тұратын комплект алған. 2009-2014 жылдар аралығында оған плейер, тифлотаяқ, арнайы сағаттар, тифломагнитола, диктофон сияқты тифлотехника беріліп тұрған. 2010 жылдан бері шипажайларда емделуге жолдама ұсынылады. 2009 жылы пәтер иелері кооперативіне, 2010 жылы "Океанард" серіктестігіне әлеуметтік жұмысқа алынды. Астаналық зағиптың жаңажылдық сыйлықтарға наразылығы туралы ақпаратты Tengrinews.kz кеше хабарлаған болатын. ІІ топтағы мүгедек өздеріне шенеуніктердің сау адамның өзі ұстай алмайтын инелер, қытай сағаттары мен басқа да қажетсіз дүниелерді сыйлағанын айтқан болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro