Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 мамырда сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы жарияланып, процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыру басталды. Нәтижесі бойынша "Атырау Су Арнасы" КМК құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтардың қырылуына себеп болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта директор, оның орынбасары және "Атырау Су Арнасы" МКК су тазарту стансасының бастығы ҚК-тің 328-бабы, 3-ші бөлімі (судың үстінгі қабатын ластау, соның салдарынан қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян тигізу) және Қылмыстық кодексінің 204-бабы, 2-бөлімі (бөтеннің мүлкін жою, аса ірі мөлшерде зиян келтіру) бойынша күдікті деп танылды.

Сондай-ақ кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚК-тің 371-бабы (ұқыпсыздық) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жүргізілген сараптамалар бойынша хлоры көп судың зияны қоршаған ортаға кері әсері тигізген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети