Жалған нөмір таққандар жол ережесін жиі бұзады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған нөмір таққандар жол ережесін жиі бұзады ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жол-патрульдік полиция қызметкерлері аймаққа заңсыз жолмен жеткізілген көлік жүргізушілерін анықтауға арналған іс-шараны қолға алды. Олардың арасында жалған мемлекеттік нөмір тағып, жол қозғалысын жиі бұзатындар да бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Департамент қызметкерлері облыстық кедендік бақылау департаменті мамандарымен бірлесе отырып, «Транзит» жедел іс-шарасын бастады. Осының нәтижесінде шет мемлекеттерден заңсыз жеткізіліп, уақытша тіркелген, республика аумағында екі айдан бері пайдаланылып келе жатқан көліктерді анықтауға арналған. Шара барысында жалған нөмір тағып, қалада сайран салған көліктер ұсталды. «Мұндай жалған нөмір тағушылар жиі жол апатына да себепші болады. Және олар оқиға орнынан бой тасалап кетсе, оларды табу да қиынға соғады», - дейді полиция қызметкерлері. Әлгі көлік Қырғызстаннан заңсыз жолмен жеткізілген екен. Дәл осындай тағы 4 көлік айып тұрағына қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети