Жалған ҰҚК қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған ҰҚК қызметкері ұсталды Фото i-news.kz сайтынан алынды

Алматы облысының полицейлері жалған құжат арқылы "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері" болып елді алдаған азаматты қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Текелі қаласының тұрғыны облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармаға өзінен ірі көлемдегі ақша бопсалаған адамға қатысты шағымданған. 

"Артынша, күдікті ретінде Ескелді ауданының 1983 жылы туған тұрғыны ұсталып, ол өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, қызметтік құжат көрсеткенін мойындаған. Күдіктінің қолындағы құжат жалған болып шықты", - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 181-бабы "Бопсалаушылық", 178-бабы "Тонау" және 328-бабы "Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену" бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети