Жалпы құны 1 триллион теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалпы құны 1 триллион теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды ©olx.kz

Қазақстанда 2014 жылы жалпы құны 980 миллиард теңгеден астам жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2014 жылы жалпы құны 980 миллиард теңгеден астам жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Бас прокурор Асхат Дауылбаев пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтаруда Астана прокурорларының еңбегін ерекше атап өтті. "Мораторий жағдайында, кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтірместен, аралап көру және жүйеленген талдау жасау арқылы Астана қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 575,7 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан 255 жер телімін анықтаған. Бүгінде 2700 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді ол.

Бас прокурордың айтуынша, сонымен бірге мемлекет қажетіне жер сатып алуға бағытталған бес жарым миллиард теңге сомасындағы бюджет қаражатын негізсіз шығындауға жол бермеу жөніндегі алдын алу шаралары қолға алынды. "Тек бір ғана Алматы облысының прокуратурасы жерді алу рәсімдерін бұзу фактілері бойынша сотқа 100-ге жуық талап-арыз берген, олардың қанағаттандырылуы 1 миллиард 800 миллион теңге сомасындағы мемлекет мүддесін қорғауға мүмкіндік берді", - деді Дауылбаев. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында алаяқтардың елорданың 400 гектар жерін заңсыз иемденгені хабарланған болатын. Әділет басқармасының бұрынғы бастығы өз сыбайласымен бірге жалған құжаттарды жасап, елорданың іргесінде 6,4 миллиард теңгенің 379 гектар жерін заңсыз иемденіп алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети