Жамбыл облыстық ҚАЖД бұрынғы басшысы ірі көлемде пара алды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облыстық ҚАЖД бұрынғы басшысы ірі көлемде пара алды деп айыпталды © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы қомақты сомада пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы қомақты сомада пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының антикоррупциялық қызметінің өкілдері темір жол мекемесінің қызметкерлері Сартаев Б., Аққожаев А., Әбдірайымов Б. есімді азаматтарға қатысты пара алу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, сонымен қатар, денсаулыққа қасақана зиян келтіру деректері бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады.

"2008-2016 жылдары Рахымбердиев Д. есімді азаматтың еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде түрлі басшы қызметін атқара отырып, бірнеше рет түрмедегілерге қолайлы жағдай жасап беремін және шартты түрде босатылған сотталушыларға байланысты мәселелерді шешемін деп қомақты сомада пара алған.
Сонымен қатар, Рахымбердиев Д. колония басшыларынан 2000 доллардан 3000 долларға дейінгі сомада ақша алғаны үшін, яғни қызметтік өкілеттігін асырғаны үшін айыпталып отыр", - делінген хабарламада.

Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, темір жол мекемесінің қызметкерлері Сартаев Б. есімді азаматқа да қатысты іс жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2015 жылдың 27 наурызында бөлмені тінту барысында сотталушыныны соққыға жыққан осы бөлімнің жедел уәкілдері Аққожаев А. мен  Әбдірайымов Б. есімді азаматтарға қатысты іс жүріп жатыр.

"Рахымбердиев Д. мен темір жол мекемесінің қызметкерлері Сартаев Б., Аққожаев А., Әбдірайымов Б. есімді азаматтарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпа шарасы қолданды. 25 шілдеде Жамбыл облысының прокуратура өкілдері осы азаматтарға қатысты істі сотқа жіберді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети