Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды

Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды

Жамбыл облысында бір жасар ?ызын зейнеткерлерге тастап кеткен ?йел ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Меркі аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2017 жылдың 18 ақпанында бір жасар сәбидің анасы - Меркінің 34 жастағы тұрғыны табылып, Меркі аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ол қаладан шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі бойынша ("Қауiптi жағдайда қалдыру") тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мерке ауданындағы ауыл тұрғындарының бірінің үйінің алдынан бір жасар қызды тауып алғаны хабарланған болатын. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, егде жастағы ерлі-зайыпты қызды 2017 жылдың 15 ақпанында тауып алған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Зере деген есімге дыбыс берген қызды көрген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама