17 ақпан 2017 14:00

Жамбыл облысында зейнеткерлер есік алдында бір жасар қызды тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vladnews.ru © vladnews.ru

Мерке ауданындағы ауыл тұрғындарының бірі үйінің алдынан бір жасар қызды тауып алған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мерке ауданындағы ауыл тұрғындарының бірі үйінің алдынан бір жасар қызды тауып алған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, егде жастағы ерлі-зайыпты қызды 2017 жылдың 15 ақпанында тауып алған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Зере деген есімге дыбыс берген қызды көрген.

Қызды тауып алған әйелдің айтуынша, ол сол кезде сәбидің жылаған даусын естіп, аулаға шыққан. Бірақ ол баланы кімнің тастап кеткенін байқамаған. Сондай-ақ, қыздың қасында "Оның аты - Зере. 1 жас 3 айлық қыз. Қызға бір ай қарап берсеңіздер, мен кейін оны алып кетем" деген  хат жатқан.

Содан полицейлер үйге қарама-қарсы тұрған дүкендегі бақылау камерасын қарап шығып, видеодан баланы шамамен 30-35 жастағы әйелдің алып келгенін көрген. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіруге және ұстауға қатысты жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып жатыр. Қыз Меркі ауылындағы Орталық аудандық аурухананың балалар бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта қыз дәрігерлердің бақылауында. Баланың денсаулығын қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы бойынша ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл төлейді немесе сол көлемде түзету жұмыстарына тартылып не болмаса да 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылып, сондай-ақ, 45 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети