Жамбыл облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысыны? Т?тенше жа?дайлар ж?ніндегі департаменті дауыл?а байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжам?а с?йкес, ??ірде та?ы да ?атты дауыл болуы м?мкін.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті дауылға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, өңірде тағы да қатты дауыл болуы мүмкін.

"Қазгидромет" мамандарының ескертуіне сәйкес, 30 мамырда Жамбыл облысында жауын-шашын мен бұршақ күтіледі. Сондай-ақ, оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне өтіп, кейбір аумақтарда жылдамдығы секундына 23-28 метрге жететін жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше, 29 мамырда Таразда қатты дауыл тұрып, екі адамның опат болғаны жайлы хабарланған болатын. "13-ші ықшамаудан. Жел тұрған кезде баған құрылысшылардың үстіне құлаған. Екі адам қаза тапты. Қолайсыз ауа райында сақ болыңыздар, тараздықтар", - деп пікір жазған еді @tip_taraz деген қолданушы.

Реклама
Реклама

Ал кейінірек бұрын-соңды болмаған дауылдан тағы бірнеше адамның зардап шеккені хабарланды. Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі әйел мен бір бала зардап шеккен. Желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама