Жамбыл облысында қазақ күресі клубы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қазақ күресі клубы ашылды ©Аlashainasy.kz

Жамбыл облысында қазақ күресі клубы ашылды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қазақ күресі клубы ашылды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев  түлеп ұшқан өңірде былтыр әлемнің бірнеше мемлекетіне тараған Eurasia Barysy турнирінің жалауы желбіреген болатын. Енді елімізде бірінші болып, Тараз жерінде қазақ күресінен клуб жасақталып отыр. Қазақ күресі балуандарының басын қосқан клубтың ашылғаны төл күрестің жанкүйерлері үшін күтпеген жаңалық болып отыр. 

"Бұл - облыстағы ең маңызды оқиғалардың бірі", - дейді Жамбыл облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков.

"Әкімдіктің қолдауымен біз спортшылар мен бапкерлерге жаңа мүмкіндік сыйлайтын қазақ күресі клубын ашып отырмыз. Бүгінде облыстағы қазақ күресінің үйірмесі бар 18 спорт мектебінде 51 бапкер қызмет етеді. Одан бөлек, 1300 балуан аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық сындарда бақ сынап жүр. "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры мен Арман Шораевтың қолдауы арқасында, қазақ күресі қанатын кеңге жайып келеді. Шораев Қазақ күресі федерациясын басқару арқылы ісіміздің алға басуына септігін тигізуде. Осыдан соң, ұлттық күрестің болашағы барына спортшылар мен бапкерлер және күллі жанкүйер қауымы шүбә келтірмейді", - дейді облыс спортының басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети