Жамбылдық студенттер арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдық студенттер арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті Суреттер ТарМПИ ақпараттық-имидждік қызметінен

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында ұлттық ойындардан байқау өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында ұлттық ойындардан байқау өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап.

Шараға қатысушылар "Өнерлінің өрісі кең", "Ас адамның арқауы", "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" және "Шынықсаң шымыр боласың" атты кезеңдер бойынша бақтары мен баптарын сынады.

Командалар ұлттық ойын түрлерінен бәсекеге түсіп өзара мықтыны анықтап қана қоймай, түрлі бағыттағы сұрақтарға мүмкіндігінше жауап берді. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін қойылымдар қойып, ұлттық тағамдарды жеуден жарысты.

"Бабалар жолымен басталар жаңа күн" байқауының мақсаты - Ұлыстың ұлы күнін атап өту арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, ата-баба салтын ардақтай отырып, ұлт мәртебесін көтеру.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар мен белсенді ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара соңында оқу орнының көркемөнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, Ұлыстың ұлы күнін тойлаған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети