“Замутить диплом“. Сотта Перизат Қайраттың хаттары оқылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Замутить диплом“. Сотта Перизат Қайраттың хаттары оқылды Фото ©️ Турар Казангапов

Перизат Қайрат ісі бойынша сотта оның құрбысы Толғанай Боранқұлмен жазысқан хаттар оқылды. Айыпталушы "диплом жасатуға" көмектесуді сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайрат ісі бойынша сотта оның құрбысы Толғанай Боранқұлмен жазысқан хаттар оқылды. Айыпталушы "диплом жасатуға" көмектесуді сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта Қайраттың құрбысы Толғанай Боранқұл жауап берді. Жауап алу кезінде прокурор Арман Кезекен қыздан Перизат Қайрат жіберген хабарламаның шынайылығын растауды сұрады.

"Ол сізге мынадай сөздер жазды ма: "Қазақстанның дипломын "жасатуға" көмектесетін таныстарың бар ма?" — деп сұрады прокурор.

Куәгер мұндай әңгіме болғанын растады.

"Иә, ондай әңгіме болған. Ұмытпасам, бұл екі жыл бұрын болған, мен декретте жүргенмін… Сол кезде ол бір министрдің көмекшісі қызметіне орналасып жатты-ау деймін", — деді Боранқұл.

Қыздан "замутить диплом" сөз тіркесін қалай түсінгені сұралды.

"Менің түсінігімде, "замутить" - бұл мемлекеттік мекемеге жұмысқа тұру үшін сатып алу немесе сырттай оқу", — деді Толғанай Боранқұл.

Бұдан кейін айыпталушы Перизат Қайрат шетелде оқығанын айтып, құрбысынан дипломды Қазақстанда қалай растауға болатынын сұрағанын мәлімдеді.

"Иә, солай, мен де шетелде оқыдым. Қазақстанда нострификациялау керек (шетелдік дипломды тану тәртібі – еск.), мен солай жасадым. Ол менен бұл туралы сұрады. Сосын ол қандай екенін суретке түсіруімді өтінді. Мен оған фото немесе көшіріп жібердім", - деді куәгер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети