“Заң бұзу“ - СІМ өкілі Мұрат Нұртілеуге қатысты жалған ақпарат туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Заң бұзу“ - СІМ өкілі Мұрат Нұртілеуге қатысты жалған ақпарат туралы Фото:gov.kz

БАҚ-та премьер-министрдің орынбасары - cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БАҚ-та премьер-министрдің орынбасары - cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осы ақпаратқа пікір білдірді.

"Сыртқы істер министрі ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Кейінірек Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Еске салайық, Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети