World Justice Project - заң үстемдігі рейтингісі бойынша Қазақстан 71-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
World Justice Project - заң үстемдігі рейтингісі бойынша Қазақстан 71-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған рейтингке әлемнің 99 мемлекеті енді. Бүгінде заң үстемдігі жағынан Еуропа елдері, атап айтқанда, Дания, Норвегия мен Швеция көш бастап келеді. Ал ең соңғы орындарда - Ауғанстан мен Венесуэла. Қазақстан рейтингтің 71-ші орнына ие болып, Өзбекстан (73), Қытай (76), Қырғызстан (78) мен Ресейді (80) басып озды. Ал Украина - 68-ші орында.
Айта кеткен жөн, World Justice Project рейтингісі бірнеше көрсеткішке негізделеді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық, тәртіп пен қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, биліктің ашықтығы, заңдарды сақтау, азаматтық және қылмыстық әділеттілік бар.