Жаңа министр Сағынтаевқа азық-түлік бағасы бойынша есеп берді

Тимур Сүлейменов

?лтты? экономика министрі Тимур С?лейменов Ба?ытжан Са?ынтаев?а ?леуметтік ма?ызы бар азы?-т?лік ?німдеріне ба?аны? ?суіне жол бермеу м?селелері бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Бақытжан Сағынтаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Тимур Сүлейменов 28 желтоқсанда ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама