Жаңа құбырлар Қашағанға 2015 жылы жеткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа құбырлар Қашағанға 2015 жылы жеткізіледі Фото ©REUTERS

Жаңа құбырлар Қашаған кенорнына 2015 жылдың басында жеткізіледі, деп хабарлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа құбырлар Қашаған кенорнына 2015 жылдың басында жеткізіледі, деп хабарлайды

Tengrinews.kz . ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.

"Құбырлар міндетті түрде жеткізілетін болады, нақтырақ айтқанда шамамен келер жылдың бірінші тоқсаны аяқталмай жатып жететін болады. Ал бұл бізге көктем келгенге дейін жұмысты бастап кетуге мүмкіндік береді", - деп ол Парламент Мәжілісінде өткен "Нұр Отан" фракциясының кезекті жиналысында журналистердің қойған сұрақтарына жауап беру барысында айтты. 

Бұған дейін вице-министр айтқанындай кенорнындағы жөндеу жұмыстары 2016 жылы аяқталады. "Бүгінгі күнге дейін мердігерлер 45 шақырым құбырды сатып алып қойды. Құбырды сатып алу арқылы олар тәуекелге барып отырғанын да ескеру керек. Одан бөлек бұл консорциумге қатысушылардың қолында неміс және жапон компаниялардан қалған қондырғыларды сатып алу бойынша келісім-шарттары да бар. Жұмысты жылдамдату үшін олар осы мүмкіндікті де пайдалануы мүмкін. Сол уақытта жобаның құны да, басқа да мәселелер белгілі болады", - деді ол.

Қарабалиннің есептеуінше, жөндеу жұмыстарына шамамен 3 миллиард долларға жұмсалуы мүмкін. Ал жұмсалған қаржының нақты көлемі жыл аяғына дейін белгілі болады.

Вице-министр сондай-ақ ұзынқұлақтан Қашағаннан мұнай өндіру ісі 2017 жылға шегерілгені жөніндегі сөздің таралуына да байланысты түсініктеме берді. "Дәл қазіргі уақытта біз қолда бар құжаттарға сүйенеміз. Ал мердігерлермен арадағы жұмыс жоспары тек құжатта белгіленген кесте бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети