Жаңа тағайындалған бас прокурор жайлы не білеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа тағайындалған бас прокурор жайлы не білеміз © nurotan.kz

Бүгін, 18 наурызда Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор болып тағайындалды. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі жаңа тағайындалған бас прокурор жайлы мәлімет жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 18 наурызда Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор болып тағайындалды. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі жаңа тағайындалған бас прокурор жайлы мәлімет жинады.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы 11 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.

1986 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған. Еңбек жолын Жамбыл ауданында бастаған - прокуратурада тергеуші болып қызмет атқарған, кейінірек прокурордың орынбасары болып тағайындалды.

1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті. 2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, 2013 жылдың 6 мамырында ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры болды. 

Кейін 2016 жылдың қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы қызметіне келді. 

2017 жылдың 12 шілдесінде Президенттің бұйрығымен Ғизат Нұрдәулетов бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол осы күнге дейін сол қызметте болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры атағын иеленген, II дәрежелі  "Айбын"  орденімен марапатталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети