Жаңа жылды алматылықтар қарсыз қарсы алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жылды алматылықтар қарсыз қарсы алады © See2me.ru

Болжам бойынша, Алматыда Жаңа жыл түні жауын-шашын күтілмейді, күн ашық, ауа температурасы 10-15 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы болады. Айта кетейік, бұған дейін кейбір сайттарда Жаңа жылда температура 6-12 градус жылы болатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. "Қазгидромет" өз кезегінде Алматыда желтоқсан айында ауа температурасының 3 градус аяз, жауын-шашын мөлшері 40 миллиметр болатынын хабарлады.

Синоптиктер жұмыс аптасының соңында - 2015 жылдың 4 желтоқсанында желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жететінін болжады. Демалыс күндері түнде ауа температурасының төмендеуі 2-ден 10 градусқа дейін жылып 0-ден 5 градусқа дейін төмендейді. "Кейін барикалық ауысу жылы мен суық толқындардың ауысуына әкеледі. Күннің суытуы бірінші және екінші онкүндіктің соңында болады, ал үшінші онкүндіктің басында күн қарқынды түрде суытады. Ол кезде түнде ауа температурасы 15 - 20 градус аяз болса, күндіз 5 - 10 градусқа жетеді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Синоптиктердің айтуынша, 2015 жылдың 16 желтоқсанында ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз 5 градус жылы болады. "Ескерте кетейік, ауа райы болжамы синоптикалық жағдайлардың өзгеруі бойынша түзетілуі мүмкін", - деп хабарланды. Айта кетейік, желтоқсанда орташа температура Алматы облысында климаттық мәнге жақын - 3-8 градус аяз шамасында, ал жауын-шашын мөлшері 12-40 миллиметр болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети