Жаңаөзен тұрғыны героинмен және миллион теңгемен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзен тұрғыны героинмен және миллион теңгемен ұсталды ©РИА Новости

Жаңаөзен қаласының тұрғыны героинмен және 1 миллион 231 мың теңгемен ұсталды, бұл туралы Tengrinews.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. "Қаңтардың 17-сі күні Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде "ВАЗ - 21014" көлігін тоқтатты. Көліктің жүргізушісі - Жаңаөзеннің 1968 жылы туған тұрғыны. Одан 3,2 грамм есірткі табылды, сараптама қорытындысы бойынша оның героин екені анықталды. Сонымен бірге, 1 миллион 231 мың теңге көлемінде ақша да табылды" - делінген хабарламада. Осы дерек бойынша "аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз ұстау және сақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Бұл қылмысқа үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының жеткізіліп жатқан арналарын анықтау мақсатымен жедел іздестіру, арнайы және тергеу кешенді шаралары жүргізілуде", - деп хабарлайды Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети