Жаңаөзенде ауруханада болған жағдайды камераға түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде ауруханада болған жағдайды камераға түсірген

Жаңаөзенде балалар жұқпалы аурулар ауруханасында төрт жасар бала мен оның әпкесінің көздері күйіп қалған. Оқиға палатаны зарарсыздандыру салдарынан болған, медициналық қызметкерлер кварц шамдарын қосып, бөлмеде адам бар-жоғын тексермеген, - деп хабарлайды inAktau.

Біршама уақыттан соң кварцталғаннан кейін бала мен туысы көздерінің қатты ісіп кеткенін және қышынғанына шағымданған. 

"Қараңыздар, көздерін мүлде аша алмайды. Осы медбикелер. Олар өздері қоспаған, санитарға айтқан, ол болса 45 минутқа бір-ақ қосқан", - дейді видеода отбасының туысы. 

Осы оқиғадан кейін, ауруханада басшысының қатысуымен жиналыс өткен. Жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісіне ескерту жасалды, Аға медбике сөгіс алды. Ал екі медбике өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Аурухана басшысының орынбасары осы жағдайды өз бақылауына алып, науқастармен кездескен", - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері. 

Қазіргі уақытта науқастар үйлеріне жіберілді, олар қажетті емдеу шараларын алып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети