Жаңаөзендегі жол апатынан қаза болғандар мен жараланғандарға 20 миллион теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендегі жол апатынан қаза болғандар мен жараланғандарға 20 миллион теңге бөлінеді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына 20 миллион теңгені бөлу керектігін тапсырды, - депр хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, апатта қаза болғандардың отбасыларына 1 млн.теңге,ауыр халде жатқан 9 адамға 500 мың теңге беріледі. Тағы жапа шеккен 18 адамға 300 мың теңге бөлінбек.

Сонымен бірге, бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстағы барлық мемлекеттік органдардың 1 күндік жалақысын жол апатында зардап шеккендердің отбасыларына аудару туралы шешім қабылданды.

Жаңаөзен қаласындағы әкімдік жанынан 15 адамнан тұратын комиссия құрылды.  Комиссия мүшелері жол апатынанкөз жұмған және жараланған отбасыларға көмек көрсетумен айналыспақ. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету үшін қайырымдылық қоры құрылды. Комиссия мен қайырымдылық қорының жұмыс барысын облыс әкімі Ералы Тоғжанов тікелей қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Жаңаөзен маңындағы Теңге елді мекенінде тепловоз бен "Газель" көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 36 адам зардап шекті. 9 адам қайтыс болып, 27 адам жарақат алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети