Жанболат Мелдешов шағымдардан кейін қызметінен уақытша шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанболат Мелдешов шағымдардан кейін қызметінен уақытша шеттетілді

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін БАҚ-тарда Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға және ҚР Білім және ғылым министрлігіне өздерінің басшысы Жанболат Мелдешовтің үстінен шағымданғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Бес парақ шағым жазған орталықтың бұрынғы және қазіргі қызметкерлері орталық басшысының өзіне ұнамайтын қызметкерлерін жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жүргенін және ол орындарды өзінің адамдарына босатып беруге мәжбүрлеп жатыр. Сондай-ақ, шағымда орталық басшылығы тарапынан кеткен бірнеше заңбұзушылық анықталды.

Кейін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді. 

"Біз ішкі тергеу жұмыстарын бірнеше рет жүргіздік, мұндай деректер анықталмады. Өтініш жазатын болсаңыздар, менің атыма жазыңыздар, сонда біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Бірақ БАҚ арқылы хабарлаған екенсіздер, біз енді тексеріс жүргізіп, сіздерге баяндаймыз", - деген еді Сағадиев.

Ұжымдық шағымға 25 адамның қол қойғаны айтылады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жиындардың бірінде түсірілген видеоны көрсеткен. Онда болжам бойынша, басшылардың бірі "Болашақ" түлектеріне тіл тигізіп жатады.

Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы бекітілген. Осы уақытқа дейін 12 мыңнан аса қазақстандық мемлекет есебінен әлемнің үздік ЖОО-ларында оқыды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети