Заңдастыру кезінде қылмысқа қатысы бар көліктер анықталады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтөбеде көлік заңдастыру науқаны кезінде көрші елден ұрланған көліктер анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде көлік заңдастыру науқаны кезінде көрші елден ұрланған көліктер анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оны тәртіп сақшылары дереу тартып алып, айыппұл тұрағына қойған. Ал жүргізушілер адал ақшаға алған көлігіміздің осы уақытқа дейін қылмысқа қатысы барын білмедік деп ақталған.

"Заңдастыру кезінде біліп тұрмын ғой. Кеше ұстағаннан кейін біліп тұрмын. Оған дейін маған ештеңе істеген жоқ. "Мынау ұрланған" деді де, жауып тастады. Төрт миллионға сатып алған ақшам далаға кетті", - дейді Ақтөбе тұрғыны Азат Нағыманов.

Бір жыл айдаған көлігінен айырылған Азат Нағыманов полиция басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының арасында жүр. Ресей нөмірлі көлігін аудан тұрғынынан сатып алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, олар іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар кез келген көлікті айыппұл тұрағына қоюға міндетті.

Телеарна мәліметінше, жалпы елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы екі мыңнан аса өтініш түскен. Соның тек 200-ге жуығына ғана қазақстандық нөмір берілді. Құжат тапсырушылар көп болғандықтан, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі де өзгерген. Енді мамандар бұрынғыдан екі сағатқа артық және сенбі күні де жұмыс істейді.

"Көбінің өтінішін қанағаттандырмай жатыр. Түрлі себеп бар. Ең алдымен - өтініштің дұрыс толтырылмауы. Одан соң былтыр 1 қыркүйектен кейін елге әкелген көлігін заңдастырғысы келеді. Кеден тексеруі немесе өзге елде қандай да бір шектеуі бар көлік болып шығады", - дейді Ақтөбе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Самат Төлеуов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro