Заңгер Темірбанк қызметкерлері айла-шарғы жасады деп отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тemirbank.kz ©Тemirbank.kz

Азаматтық қоғам өкілдері Темірбанкті айла-шарғы жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адвокат Айман Омарованың айтуынша, банк қызметкерлері 2006-2007 жылдары Ресейден келген сығанға несие берген. Ол автокөлік сатып алып, оны басқа біреуге қайта сатқан да, хабар-ошарсыз кеткен.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық қоғам өкілдері Темірбанкті айла-шарғы жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адвокат Айман Омарованың айтуынша, банк қызметкерлері 2006-2007 жылдары Ресейден келген сығанға несие берген. Ол автокөлік сатып алып, оны басқа біреуге қайта сатқан да, хабар-ошарсыз кеткен.

"Жалпы алғанда, 500-ге жуық адам мүліктің заңсыз тәркіленгенін айтып, сотқа шағымданды. Екі жағдайды баяндайын - менің қорғауымдағы Ольга Логвинованың күйеуі қазір тұтқынға алынды, тергеу жалғасып жатыр. Ол машина сатып алған, көлік кепілге қойылған болып шықты. Кейін біз банктен 2007 жылы Ресейден келген Януш Михай есімді сығанның несие алғанын анықтадық. Ол біраз уақыт тобырда өмір сүрген, оқу-жазуды білмейді. Банктің оған несиені қалай бергені таңғалдырады. Біз банктен тиісті құжаттарды сұраттық, бізге құжаттарды жою туралы акті берілді. Михай автокөлік сатып алғаннан кейін оны басқа біреуге қайта сатқан, ол Логвинованың күйеуіне сатады. Сөйтіп, ол соңғы адам ретінде тұтылып отыр, сот орындаушылары оның машинасын, құжаттарын тартып алды", - дейді адвокат.

Омарованың айтуынша, автокөлікті сатып алу кезінде оның кепілге қойылғаны туралы ақпарат болмаған. Кейбір мәліметтер бойынша Михайдың өзі Қазақстан аумағында жоқ. Адвокат ондай адамның өмірде болмауы да мүмкін деп отыр, оның айтуынша, мұндай айла-шарғының Темірбанк қызметкерлерінің араласуынсыз жасалуы мүмкін емес.

Омарова тағы бір жағдайды баяндады. "Екатерина Стороженко - дәрігер, төрт баланың анасы, ол өзінің таныстарымен келісімшартқа отырып, үйін кепілге қойған, әлгі адамдар алаяқ болып шықты. Әйелді алдаған ерлі-зайыпты Ақшолақовтар ғимарат сатып алып, одан Стороженкоға жалға алу төлемінсіз бір кабинетті бес жыл мерзімге береміз деп уәде еткен. Ал банк кепілге қойылған үйді саудаға шығарған, әйел балаларымен бірге далада қалды", - дейді ол. Бұл іс бойынша сот әлі жалғасып жатыр. 

Адвокат қазақстандықтарды қорғау үшін заңға өзгерту енгізу қажет деп есептейді. Оның айтуынша, Азаматтық кодекстің 305 - "Кепіл беру" бабын өзгерту қажет. Онда борышкердің өзі немесе үшінші тұлға кепіл беруші бола алады деп көрсетілген. "Демек, несиені біреу алады, ал екінші адам оған өз мүлкімен жауап береді. Несие үшін үшінші тұлға емес, қарыз алушының өзі ғана жауап беруі керек", - дейді ол.

"Мен Темірбанк қызметкерлерінің 2006-2007 жылдардағы әрекеттері заңсыз деп есептеймін. Келісімдерді жарамсыз деп тануға қол жеткізуге тырысамыз. Біз бұл үлкен мәселені Үкіметке дейін жеткізгіміз келеді, жуық арада депутаттарға хат жолдаймыз", - деді адвокат.

Темірбанк АҚ баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме бермейтінін мәлімдеді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer