Заңсыз иемденілген активтер: мемлекетке 525 миллиард теңге қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңсыз иемденілген активтер: мемлекетке 525 миллиард теңге қайтарылды Фото:depositphotos.com

Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді: мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді: мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Биылғы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін, Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети