28 ақпан 2020 | 22:47

Заңсыз митингілер: Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура заңсыз наразылыққа шығуға үгіттеуге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура заңсыз наразылыққа шығуға үгіттеуге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың "Прокуратура туралы" Заңның 31-бабы тәртібінде жасаған үндеуі ведомствоның сайтында жарияланды. 

Мәлімдемеде әлеуметтік желілерде заңсыз наразылық акцияларын өткізуге шақыру таратылып жатқаны айтылады.

"Бұл ретте шындыққа жанаспайтын, оның ішінде әлеуметтік және ұлттық алауыздық пен араздықты қоздыру белгілерімен ақпараттар орналастырылып жатыр. Заңсыз көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соқтыратынын еске саламыз. Осы әрекеттермен азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылық көзделген", - делінген үндеуде.

Cондай-ақ, прокурордың орынбасары әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру, көрінеу жалған ақпарат таратуға жария түрде шақыру заңмен тыйым салынған және мұндай әрекеттер қылмыстық тәртіпте қудаланатынына назар аударады.

"Осыған байланысты, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Бас прокуратура азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, құқыққа қарсы ақпаратты таратудан және заңсыз жария акцияларға қатысудан тартынуға шақырады", - делінген үндеуде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети