Заңсыз ойын бизнесі және өкілеттікті асыра пайдалану: қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңсыз ойын бизнесі және өкілеттікті асыра пайдалану: қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды видео кадры

Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан азаматы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін Түркия Республикасынан экстрадицияланды.

Тергеу мәліметтері бойынша күдікті 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызмет атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

"2024 жылы қаңтарда іздеудегі адам Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.68  course up  568.98  course up  6.19  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети