"Заңсыз төгілген қоқыс". Қайда шағымдануға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Заңсыз төгілген қоқыс". Қайда шағымдануға болады? Фото: news.myseldon.com

Қазақстанда заңсыз қоқыс орындары жөнінде жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда заңсыз қоқыс орындары жөнінде жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл желіге кез келген қазақстандық өз қаласы немесе ауданындағы заңсыз қоқыс орындары мен оны растайтын деректерді жолдауға болады. Фото, бейнематериалдарды жіберуге болады.

"Сіздермен, сондай-ақ ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерге барып, шара қабылдайтын боламыз", - деді министр.

Жедел желінің нөмірі: +77759524900.

Экология министрлігі бір ай ішінде еліміздегі барлық қоқыс полигонына толықтай мониторинг жүргізбек.

Айта кетейік, 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз қоқыс орындарының проблемасына ерекше назар аударуға тапсырма берген еді.

Жыл сайын Қазақстанда 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Елімізде олардың 15 пайызы ғана өңделеді. Сондықтан Мемлекет басшысы үкіметке жедел түрде заңнамалық база әзірлеп, Waste to energy технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызуды тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети