Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік жазаланады

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен еңбек келісімшарты да бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен еңбек келісімшарты да бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Шамадан тыс қол жүгі немесе ауыр жүкті рәсімдеу үшін жолаушылар пойыздың жөнелтілуіне бір сағат қалғанға дейін жүк бөлімшелеріне жүгінуі керек. Сонымен қатар бандероль, кіші қорабтар мен басқа жүкті теміржол арқылы жіберетін болсаңыз "Қазпочта" АҚ-ның көптеген филиалдарына хабарласаңыз болады. Алайда, аталмыш жүкті жолсеріктер арқылы тасымалдау заңсыз болып табылады. Және де компания бұндай жолмен жіберілген жүкке жауап бермейді. Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен тіпті еңбек келісімшарты да бұзылуы мүмкін", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығының хабарламасында.

Заңсыз рәсімделген жүк тасымалына куә болған адам фотобейне түсіріп (пойыз және вагон нөмірі), компания бас директорының блогына жібере алады. 

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің бұйрығына сай жолаушылар пойыздарында тегін қол жүгін тасымалдаудың нормалары бекітілген. Тұлпар Тальго вагондарында 25 келіден аспайтын және де үш өлшем бойынша  (биіктігі, ені, ұзындығы) 150 см дейін болатын жүк тасымалдауға рұқсат берілген. Стандартты вагондарда жолаушыларға салмағы 35 келіге дейін үш өлшемі 200 сантиметрге дейін жүкті тасымалдауға болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети