Жапон балеринасы қазақ әншісіне тұрмысқа шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапон балеринасы қазақ әншісіне тұрмысқа шыққан Фото inform.kz сайтынан

Елордадағы «Астана Опера» театрында өнер көрсетіп жүрген жапондық балерина Серина Цунагава опера әнші Сүндет Байғожинге тұрмысқа шыққан. Қазір ерлі-зайыптылардың Сәния есімді қызы бар деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі «Экспресс К» газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы «Астана Опера» театрында өнер көрсетіп жүрген жапондық балерина Серина Цунагава опера әнші Сүндет Байғожинге тұрмысқа шыққан. Қазір ерлі-зайыптылардың Сәния есімді қызы бар деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі «Экспресс К» газетіне сілтеме жасап.

Окинава аралында туып өскен Серинаның ата-анасы - кәсіпкерлер. Олардың шағын дүкені бар. "Ал мен бала кезімнен балерина болуды армандайтынмын", - дейді Серина. Ресейде білім алғаннан кейін ол Алматы қаласына аттанды. Сол жерде өзінің өмірлік жары - Сүндетті кездестірді. Қазір олар «Астана Опера» театрында жұмыс істейді. Серинадан бөлек, театр труппасында тағы екі жапондық балерина өнер көрсетіп жүр.

Серина мен Сүндеттің үйлену тойлары екі жерде өткен. Жапонияда олар жергілікті дәстүр бойынша кимоно киіп үйленсе, Қазақстанда мұсылманша негеке тұрды. «Қазақтар сияқты жапондықтар да үлкендерге құрметпен қарайды. Жапондық әйелдер қазақтың келіншектері сияқты күйеуін отбасының басшысы әрі қорғаушысы ретінде сыйлайды. Мен өзімнің жұбайыма манты және палау жасаймын. Оған Сүндеттің өзі үйретті», - дейді Серина.

«Астана Опера» басшылығы жас жұбайлардың тұрғын үй мәселесін шешіп берді. Сондықтан шығармашылыққа толығымен берілуге мүмкіндік бар. «Біздің төрт жасар қызымыз Сәния Жапонияда атасы мен әжесінің қасында болған бірнеше аптаның ішінде жапон тілінде сөйлеуді үйренді. Әр демалыс сайын біз Окинаваға барып тұрамыз», - дейді Серина.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети