"Запорожец" көлігімен жол апатына түскен павлодарлық зейнеткер науқас балаларға ақшалай көмектесті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/kolesa_pavlodara © instagram/kolesa_pavlodara

Ескі "Запорожец" көлігімен жол апатына түскен павлодарлық зейнеткер Ефим Купин науқас балаларға көмектесу үшін төрт миллион теңге аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ескі "Запорожец" көлігімен жол апатына түскен павлодарлық зейнеткер Ефим Купин науқас балаларға көмектесу үшін төрт миллион теңге аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

85 жастағы павлодарлық ақсақал өзінің игі ісін Instagram желісінде жариялады.

"Маған көмектескен баршаңызға рақмет. Маған жиналған ақшаның төрт миллион теңгесін мұқтаж балаларға аудардық", - дейді зейнеткер.

Видеоны қала тұрғыны Назимхан Назымов өз парақшасында жариялады. Назимхан зейнеткер жол апатына ұшырағанда алғашқылардың бірі болып көмектесіп, есепшот ашқан.

"Мен волонтер де, блогер де емеспін. Атаның видеосын кездейсоқ көрдім. Қатты әсер етті. Менің жұмысым апат болған жерге жақын орналасқандықтан, Ефим Никитичті тез тауып алдым. Оны үйге апарып, банктен есепшот ашып, видеоға түсіріп, қала жұртшылығына жібердім. Аз болса да көмектесіп, біраз сома жинармыз деп ойлағанмын. Бірақ ақпарат БАҚ-та тарап кетті", - дейді павлодарлық.

Зейнеткерге көмек ретінде қазақстандықтардың қанша ақша жинағаны айтылмады. Бірақ зейнеткер бүлінген Toyota көлігін жөндеуге 4,1 миллион теңге төлеп қойған. Ал қалған сома уәде етілгендей науқас балалардың еміне аударылды.

"Ефим Никитич үш балаға төрт миллион теңге аударды. Бірақ бұл бәрі емес, қалған ақшаны ертең тағы бірнеше балаға аударамыз. Жеті балаға көмектесеміз деп отыр. Атаны бұлай істеуге ешкім мәжбүрлеген жоқ. Алаяқтарға тап болмас үшін балаларың ата-анасына хабарласып жатырмыз", - деді Назимов.

Дәлел ретінде ер адам зейнеткер Купиннен көмек алған балалардың аналары жіберген видеоны тіркеген. Павлодарлық әйелдердің бірі Тбилисиде ем алып жатқан кішкентай қызына Ефим Никитичтен екі миллион теңге алғанын растады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @nnazymkhan

21 қыркүйекте сотта "Запорожец" ЖКО бойынша әкімшілік іс қаралды. Зейнеткер жол жүру ережесін бұзып, көлік құралына зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жеңілдікті есепке алғанда жалпы сома 43 мың теңгеге жуықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer