Жақсыбеков Астана супермаркеттерін ретке келтіруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбеков Астана супермаркеттерін ретке келтіруді тапсырды © Bobr.by

Жақсыбеков Астана супермаркеттерін ретке келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбеков Астана супермаркеттерін ретке келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімі аппараттық жиын барысында қалалық супермаркеттердегі тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін талқыланды. Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан сауда орындарындағы қызмет көрсету мен сол мекемелер деңгейінің төмендігіне көп сын айтылатынын мәлімдеді.

"Елорда дүкендерінде қандай жағдайларға тап болғандары туралы тұрғындардың наразылықтары мен шағымдары өте көп", - деді қала басшысы. Әкім астаналықтардың супермаркеттердегі есеп айырысатын кассалардың жеткілікті болғанына қарамастан олардың тек екі-үшеуі ғана жұмыс істейтіндігіне наразы екеніне де тоқталды. "Ал, бұл жағдай ұзын-сонар кезекке алып келеді", - деді ол.

Қала басшысы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге "қаладағы ірі сауда орталықтары иелерімен аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмысты жүргізуді" тапсырды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети