Жақсыбеков астаналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбеков астаналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков. ©Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған құттықтауын Астана әкімдігінің сайты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған құттықтауын Астана әкімдігінің сайты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Күнтізбеде тәуелсіздігімізге 23 жыл толып отыр. 16 желтоқсан - мемлекетіміздің тарихындағы бетбұрыс кезеңі болып, миллиондаған қазақстандықтың өнімді еңбек етуіне шабыт берді", - делінген хабарламада.

Әкім халықтың бірлігі мен Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміздің аз уақытта үлкен табыстарға жеткенін айтты. 

"Еліміздің егемендігіне екпін беріп, тәуелсіздігіне тұғыр болған, қоғамды жарқын болашаққа, кемел келешекке бастайтын маңызды шешімдердің барлығы да осы бас шаһарда қабылданып жатыр. Азат елдің жаңа астанасы – тәуелсіздікпен бірге бой түзеді", - деді ол. "Бұл күнде баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін!", - деп аяқтады сөзін Жақсыбеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети