Жақсыбеков мемлекеттік балабақшалардағы төлемді жоғарылатуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбеков мемлекеттік балабақшалардағы төлемді жоғарылатуды ұсынды © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін ата-ана төлемдерін жоғарылатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін ата-ана төлемдерін жоғарылатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сайтына сілтеме жасап.

2015 жылдың 20 тамызында Конгресс-холда "Білім берудің мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыттау" атты тақырыпта Астананың білім беру қызметкерлері тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. 

Конференция аясында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ҚР Білім министрі Аслан Сәрінжіповке мемлекеттік балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін ата-ана төлемдерін жоғарылатып, қажетті нормативті актілерге өзгеріс енгізуді ұсынды.

"Сонымен бірге, білім мекемелерінде қосымша ақылы қызметтерді енгізуді ұсынамын, бұл өз кезегінде мұғалімдердің жалақысын арттыруға септеседі", - деді Жақсыбеков. Сондай-ақ, қала басшысы өз сөзінде жаңа оқу жылын Астана қаласындағы білім жүйесінің инновациялық жаңару жылы деп атауды ұсынды.

Кеңес қатысушылары мен қонақтарына "Жаңа білім беру бағдарламалары, инновация және құзыретті көзқарас - табысты мектепке қадам" тақырыбында білім көрме-саябағы дайындалады. Көрмеде халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардағы елорда дарынды балаларының  жетістіктері, сондай-ақ білім беру мекемелері үздік жобаларының тұсаукесерлері көрсетілді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети