Іздеуде жүрген қазақстандықтар қайда жасырынуы мүмкін?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іздеуде жүрген қазақстандықтар қайда жасырынуы мүмкін? Фото:gov.kz

Қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан аса адам іздеуде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан аса адам іздеуде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан аса адамды іздестіріп жатыр.

"Шет мемлекеттерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорлардың үйлестіруімен 500 адам ұсталды. Қазір 2500-ден аса адам ұстауға жатады. Негізінен, ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін - 400, ұрлық үшін 250 адам іздеуде. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды", - делінген хабарламада.

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүргені айтылды.

"Мысалы, биыл қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін). Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети