БАҚ-та кәсіпкер Дмитрий Давыдовтың қазасы туралы жаңалық пайда болды. Оның есімі Қазақстанда букмекерлік компания "Олимп" және даулы қылмыстық іспен байланыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 идея" және жарнамаға жұмсалған миллиардтар
2021 жылы ресейлік медиа мен әлеуметтік желілерді "Ресейді дамытуға арналған 20 идея" жарнамасы тарады. Оны шоу-бизнес жұлдыздары - Филипп Киркоров, Николай Басков, Михаил Галустян қолдады. Ауқымды науқанға қарамастан, автордың тұлғасы ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып қалды.
Журналистер бұл жобаның артында қазақстандық кәсіпкер, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің үлескері Дмитрий Давыдов тұрғанын анықтады. Қазақстанда ол 2020 жылдан бері қаржылық заңбұзушылықтарға қатысты қылмыстық іс бойынша іздеуде болған. Кейін Ресей Әділет министрлігі оны шетел агенттерінің тізіміне енгізді, ресми деректер қазақстандық кәсіпкердің деректерімен сәйкес келген.
Қаза немесе "қағаз жүзіндегі өлім"?
Журналист Андрей Захаровтың мәліметінше, 2023 жылдың күзінде Қазақстанда ресми түрде Давыдовтың өлімі туралы куәлік берілген.
"Маған содан бері Давыдовтың тағдыры қызық болды. Мен Қазақстан базаларынан тараған деректерді қарап шықтым да, 2023 жылғы қазанның аяғында ресейлік АХАЖ-ға ұқсас қазақстандық орган кәсіпкердің ресми түрде өлімі туралы куәлік бергенін анықтадым", - дейді ол.
Оның айналасындағы танысы бұл ақпаратты растады. Оның пікірінше, кәсіпкердің көлеңкеде өмір сүріп жатқанына дәлел жоқ. Дегенмен, "жалған қаза" жайлы нұсқалар да жоққа шығарылмайды - капиталы бар қашып жүрген бизнесмен өзін өлді деп көрсетуі мүмкін.
"Олимп" ісі бойынша тергеу
"Олимп" ісі бойынша тергеулер 2020 жылдан бері жүріп жатыр. Тергеу мәліметінше, 2014–2019 жылдары ұйымдасқан топ заңсыз құмар ойындарын жүргізіп, салық төлеуден жалтарған және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастырған. Мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келген. Іс фигуранттары халықаралық іздеуде болды, кейін Германия мен Сербиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Тағылған қылмыстар үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!