13 тамыз 2021 08:58

Іздеуде жүрген Талғат Ардан қай елде екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Антикоррупция қызметі өкілдері "Астана LRT" компаниясының бұрғынғы басшысы Талғат Ардан қай елде жасырынғаны анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.


Антикоррупция қызметі өкілдері "Астана LRT" компаниясының бұрғынғы басшысы Талғат Ардан қай елде жасырынғаны анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Алайда ведомство өкілдері Ардан нақты қай мемлекетте екенін жарияламады. Сонымен қатар, өткізілген іс-шараларда елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков тұрып жатқан жері анықталды, ол АҚШ аумағында жасырынып жүр, делінген жауапта.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы Халықаралық құқық нормаларына сәйкес Сұлтанбековті экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Арданға келетін болсақ, қазір ол орналасқан мемлекеттің құқық қорғау органдары оны анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр екен.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда LRT салу кезіндегі ақша жымқыру іс бойынша сот 2020 жылдың қазанында басталған. Бұған дейін жеті адамға айып тағылғаны хабарланған болатын. Олардың арасында елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ түрлі кәсіпорындар қызметкері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараты бойынша, қылмыстық схеманы әкімнің орынбасары Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басшысы Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялар көмегімен ұйымдастырған. Екеуіне де халықаралық іздеу жарияланған.

Ардан 2014 жылдан 2017 жылға дейін "Астана LRT" төрағасы болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, ол ұрлық дерегі анықталғанға дейін елден кетіп қалған.

LRT ісі: сотталушыларға қатысты үкім шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети