Желі қолданушылары полицейлердің таяқша қолдануына қатысты тыйымын әзілге айналдырды

© Instagram

Биліктегілерді? 2017 жылды? 1 ?а?тарынан бастап жол полицейлеріні? арнайы тая?ша ?олданбауына ?атысты енгізген ережесі ?о?ам арасында біраз шу шы?арды. Біреулер б?л шараны д?рыс емес деп санаса, та?ы біреулері м?ны ?айта ?олдап отыр. ІІМ ?кілі Алмас С?дубаевты? айтуынша, енгізілген шара халы?аралы? стандарттар?а с?йкестендірілген.

Биліктегілердің 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол полицейлерінің арнайы таяқша қолданбауына қатысты енгізген ережесі қоғам арасында біраз шу шығарды. Біреулер бұл шараны дұрыс емес деп санаса, тағы біреулері мұны қайта қолдап отыр. ІІМ өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, енгізілген шара халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген.

Өз кезегінде қазақстандық вайнерлер, сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары енгізіліп отырған жаңа заңды әзілге айналдырды.

Реклама
Реклама

Алайда TVK телеарнасының мәліметінше, Шымкенттегі жүргізушілер биліктегілердің бұл шешімін қисынсыз деп ойлайды. Олардың айтуынша, түнгі уақытта полиция қызметкерлері  жүргізушілердің әрекетін арнайы таяқшасыз көру қиынға соғады.

Еске сала кетейік, осыған дейін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық полицейлердің арнайы таяқшаны қолданбайтыны хабарланған болатын. "Көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, "тоқта" деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрулмен де тоқтатады", - деді еді Сәдубаев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама