29 желтоқсан 2016 10:51

Қазақстандық полицейлер 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық полицейлер арнайы таяқшаны қолданбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ендігі кезекте полицейлер көліктердің қол көтерумен тоқтатады. 

"Көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, "тоқта" деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрулмен де тоқтатады", - деді Сәдубаев. 

"ҚР ІІМ құқық қорғау органдарын модернизациялау барысында әлемдік жол жүру қауіпсіздігін сақтаудағы тәжірибиені қолданысқа алынған. Еуропада еуропалық елдерде арнайы таяқша мүлдем қолданылмайды. 
Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады", - деп түсіндірді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети