Желіде Денис Теннің балалық шағында түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Денис Теннің балалық шағында түсірілген видео жарияланды Видеодан алынған кадр

Youtube хостингіндегі Denis Ten Forever арнасында қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің балалық шағында түсірілген мұрағат видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube хостингіндегі Denis Ten Forever арнасында қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің балалық шағында түсірілген мұрағат видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Денис Тен небәрі жарты айлық. Видеоны бауыры Алексей түсірген екен.

Сондай-ақ, спортшының қалалық телеарнаға берген алғашқы сұхбаттарының бірі жарияланды. Онда Денис Тен мұзда мәнерлеп сырғанау шеберлігін көрсетеді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети