Желіде қазақстандық полицейлердің формасы сатылатыны жайлы хабарламалар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандық полицейлердің формасы сатылатыны жайлы хабарламалар пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Интернетте полицейлердің формасының сатылуы жайлы хабарламаларға қатысты тексеріп жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл хабарламаларға наразылық білдіріп жатыр. Олар сатушылардың бұл әрекетінің заңды екеніне күмән келтіріп, қылмыскерлердің осы форманы сатып алуы мүмкін деп қауіптеніп жатыр.

ІІМ өкілдері ереже бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

"Осы дерек бойынша қажетті тексерістер жүргізіп, ереже бұзғандардарды жауапкершілікке тартып жатырмыз. Дәл осы жағдайға қатысты тексеріс басталды. Тек қорытындысын күту қалды", - деп хабарлады Сәдубаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети