Желіде салық тексерісі жүргізілетін кәсіпорындардың тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде салық тексерісі жүргізілетін кәсіпорындардың тізімі жарияланды © ysia.ru

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-касса машинасының бар болуы мен қолданылуы бойынша тексерілетін кәсіпорындардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Желідегі ресми құжатқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-касса машинасының бар болуы мен қолданылуы бойынша тексерілетін кәсіпорындардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Желідегі ресми құжатқа сілтеме жасап. 

Құжатқа сәйкес, бақылау-касса машинасын қолданудың жаңа тәртібіне көшкен соң Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2016 жылы белгілі бір кәсіпкерлік субъектілер бойынша тексеріс жүргізуді жоспарлаған.

Жарияланған тізімде салық тексерісінен өтетін барлық кәсіпорын бар. Құжатта 2475 нысан көрсетілген

Еске салайық, салық тексерісі биыл 1 шілдеден басталады. Бұған дейін кәсіпорындарға кассалық аппаратты орнатудың мерзімін ұзарту туралы "соңғы ескерту" жасалған болатын. Сонымен қатар, салық органдарының қызметкерлері кәсіпорындарды қайта тексеру барысында аппараттың болмаған жағдайында кәсіпкерлерге 15 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети