Желіде видеосы тараған "дөңгелек үстіндегі қонақүй" билетінің құны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде видеосы тараған "дөңгелек үстіндегі қонақүй" билетінің құны белгілі болды Видеодан алынған кадр

Желіде қазақстандық пойыздағы қымбат люкс вагон жайында видео таралып жатыр. Өндіруші компания өкілдері осы туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандық пойыздағы қымбат люкс вагон жайында видео таралып жатыр. Өндіруші компания өкілдері осы туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай вагондарды "Тұран Экспресс" компаниясы жалға беретін болып шықты. 

"Бұл коммерциялық вагон - 70004. Олар жалға беріледі қайда барғың келсе, сонда барасың. Жібек жолымен жүрсең де болады, қазір ол Алакөлге қатынап жүр", - дейді компанияның бас директоры Роман Ботабеков.

Қазіргі кезде мұндай екі вагон бар.

"Біз оны Алматыдағы зауытта жетілдірдік, дөңгелек үстіндегі қонақүй жасадық. Оның ішінде зал, кинотеатр, душ кабинасы, жеке жолсерік, даяшысы бар, бір сөзбен барлық жағдай жасалған. Бұрын ол Дінмұхамед Қонаевтың вагоны болған. Қызметтік вагон болатын. Біз оны қайта жасап шығардық", - дейді директор. 

Оның сөзінше, бұл вагондар сұранысқа ие. 

"Мен туризммен айналысамын. Бұл жағдай туристер үшін жасалған. Сұраныс бар, әсіресе, Алакөл мен ЭКСПО-ға. Әдетте бір отбасы жалдайды, вагонға 10 адамға дейін сыяды", - дейді Ботабеков. 

Директордың сөзінше, вагонды жалдау құны адам саны мен жүретін жолдың ұзақтығына байланысты. 

"Арнайы вагон құнымен тең. Билеттерді компаниядан сатып аласыз. АВ құнын аласыз да адам санына көбейтесіз. Кейде 5, кейде 10 адам болады. Жалға алу құны мың шақырымға 100-130 мың теңге болады", - деп түсіндірді Роман Ботабеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети