Жеңіс Қасымбек Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Қасымбек Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек

Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Алматы облысында кеше болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында министрлікте арнайы комиссия құрылған. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға болған жерге аттанды. Сонымен қатар, ол оқиғаның анық-қанығы жақын арада белгілі болатынын айтып өтті.

"Өз атымнан экпаж мүшелері - әуе кемесінің командирі Геннадий Цойдың, екінші пилот Евгений Кутафиннің, әуетехник Бейшібек Ахматбаевтың, сондай-ақ, Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын", - деді Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети