Жеңістің 70 жылдығын тойлауға 5 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңістің 70 жылдығын тойлауға 5 миллиард теңге бөлінеді ©Тұрар Қазанғапов

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге ел бюджетінен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге ел бюджетінен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылы біз Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Бүгінде Үкімет оны мерекелеу мен біздің соғыс ардагерлерімізге құрмет көрсетудің іс-шаралар жоспарын қабылдап жатыр. Бұл жоспардың шеңберінде бюджеттен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетін болады, бюджет комиссиясы бұл шығындарды мақұлдады", - деді Жақыпова.

Оның айтуынша, бұл сомаға біржолғы жәрдемақы төлеу, ардагер мен оны жетелеп жүруші адамның Мәскеуге сапар шегу ақысы кіреді. Сонымен бірге, ардагерлердің тұрғын жайын жақсартуға 6 миллионнан астам теңге қарастырылады. Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 5540 соғыс ардагері қалған. 

Бұған қоса, бүгін Қарт адамдардың халықаралық күні аталып өтіп жатыр. Министрліктің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаев мерекеге 9,5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтты. "Бұл - жергілікті бюджеттің қаржысы, сонымен бірге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде бөлінген қаражат. Мерекеде 540 мың адамды қамту жоспарланып отыр", - деді Өмірбаев.

Ол биыл қарттардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі үшін 1,8 миллиард теңге қарастырылғанын айтты. Жеңілдетілген жолақы 150 мыңға жуық адамға беріледі. Біржолғы жәрдем көрсету үшін 2,4 миллиард теңге бөлінген, ол 170 мың азаматқа беріледі. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети