Жергілікті билік жер салығын он есеге көтере алады - Мамытбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жергілікті билік жер салығын он есеге көтере алады - Мамытбеков Асылжан Мамытбеков. ©Primeminister.kz

Жер салығы көбейеді. Алайда басқа салықтарды қысқартудың арқасында салықтың жалпы көлемі сол күйінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер салығы көбейеді. Алайда басқа салықтарды қысқартудың арқасында салықтың жалпы көлемі сол күйінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап. 

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімсіз игеру мәселесі бар. Ал оны түгендеу сияқты әкімшілік шаралар қажетті нәтиже бермей отыр. "Сондықтан жер салығын арттыру ұсынылды. Алайда кейбір салықтар қысқартылады, тағы бірқатарын біз мүлдем алып тастаймыз. Осының арқасында жалпы салықтың көлемі өзгермейді. Әділ жұмыс істейтін шаруаларға көп салмақ түспейді. Ал жерлерді тиімсіз игеріп отырған компанияларға қиындау болады. Оларға өз жерлерін мемлекетке қайтаруға немесе басқа біреумен бірлесіп жұмыс істеуге тура келеді. Оған қоса, жергілікті билік органдары игерілмей жатқан жерлердің салығын он есе көбейте алады. Оларға сондай құзірет беру ұсынылып отыр. Осылайша, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдаланудың тиімді механизмі қалыптасады деп ойлаймыз", - деді Мамытбеков бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Министрдің айтуынша, шаруа қожалықтарына салынатын бірыңғай жер салығы 1,5 есеге көбейеді. Есесіне, олар қоршаған ортаға шығарылатын қауіп-қатерлер салығынан босатылады. Сөйтіп, салықтың жалпы көлемі сол күйінде қалады.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети