Жетісайлық өгей ана үй қамауына алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісайлық өгей ана үй қамауына алынды

Жетісай соты кәмелетке толмаған үш өгей қызын қорлаған әйелді үй қамауында ұстау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісай соты кәмелетке толмаған үш өгей қызын қорлаған әйелді үй қамауында ұстау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

"Жетісай тергеу сотының судьясы Мұхтар Жолдасбеков балаларды қорлады деген күдікке ілінген әйелді екі ай мерзімге үй қамауында ұстау туралы шешім шығарды. Шешім шығару кезінде бірнеше фактор ескерілді: біріншіден оның екі жасқа томлаған баласының болуы және екінші баласына жүкті болуы, екіншіден оның тұрақты мекенжайының болуы", - деді сот кеңсесінің өкілдері. 

Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. 

Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети