Зейнетақы жинағын алу бойынша көшбасшы қала аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы жинағын алу бойынша көшбасшы қала аталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мақұлданған өтінімдер саны бойынша абсолют көшбасшы атанды. Бұл туралы "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы - мақұлданған өтінімдер мен зейнетақы жинақтарының саны бойынша абсолют көшбасшы", - деп хабарлады "Отбасы банк" басқармасының төрағасы ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік аннуитеттік компанияның деректері бойынша, Алматыда 170,6 мыңнан аса адам зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын ала алады. Бұл Нұр-Сұлтанға қарағанда екі есе көп, онда 94 719 адам, елорда - екінші орында.

Зейнетақы алуға құқығы бар адамдар саны ең азы Түркістан облысы - 1224 адам ғана, Алматыға қарағанда 139 есе аз. Ал Шымкент тізімнің ортасында - 29 777 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети